Орал әкімдігі автопарктердің жаңа автобус алуына субсидия бөледі

975

Орал әкімдігі автопарктердің жаңа автобус алуына субсидия бөледі

Орал әкімдігі автопарктердің автобустарын жаңалау үшін субсидия бөледі, деп хабарлайды КазТаг.
"Егер тасымалдаушыға жаңа көлік алу үшін субсидия керек болса біз оған көмектесеміз. Субсидиялау бекітілген әдістеме бойынша есептелінеді және әр автопаркке жеке болады", - дейді Орал қаласы ТКШ бөлімінің жетекшісі Қайрат Мұхамбетқалиев.
Ол түсіндіріп кеткендей, субсидия қалалық бюджеттен бөлінеді. 
"Бұған дейін автопарктердің басты проблемасы жолақы тарифінің төмендігі болатын, соның кесірінен олар жаңа автобус сатып ала алмай келді. Бүгінде біз тарифтерді көтердік, енді тасымалдаушылар автобустарды жаңартуға міндетті. Жыл сайын жолаушы тасымалдаушылар автобустарының 10% жаңартуы керек. Қазіргі таңда біз бірқатар компаниялармен кездесулер өткіздік.  Автопарк иелері банктермен келіссөздер жүргізуде, жақын арада қала көшелерінде жаңа атвобустар пайда болады", - деп сендірді Қайрат Мұхамбетқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу