Орал-Ақтөбе ақылы жолы жеңіл көлік иелері үшін тегін болады

726

Орал және Ақтөбе қалаларын, сондай-ақ Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының 20-дан астам ауылдық елді мекендерін жалғайтын көлік артериясы жақында ақылы болады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Орал-Ақтөбе ақылы жолы жеңіл көлік иелері үшін тегін болады

Дәлірек айтқанда, жаңа технологияларды қолдана отырып және заманауи халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес салынған ұзындығы 281 шақырымдық тас жол учаскесі. Бұл автожолда тестілік режимде жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін және жолға, оның жабынына және ілеспе инфрақұрылымға тұрақты қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешен іске қосылады.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының Қобда, Шыңғырлау мен Сырым аудандарындағы қоғамдық тыңдауларда жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа жүйесінің жаңалықтары мен жұмыс қағидаттары туралы айтып берді. Мамандар "Орал-Ақтөбе" автожолында пилоттық режимде жұмыс істейтін 3 бақылау аркасы мен клиенттермен жұмыс жүргізу орталығы орнатылғанын хабарлады. Аркаларда орнатылған жоғары
жылдамдықты камералар ақылы учаске бойынша автомобильдердің жүруін, олардың қозғалу жылдамдығы мен қарқындылығын, жолдағы жағдайды және т. б. тіркейтін болады. Сонымен қатар, жолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Жол бойында артық кедергілер қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және сапар уақытын қысқартады. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз тәсілмен және алдын ала төлем бойынша жүргізілетін болады. Бұл да қауіпсіздік саясатының бір бөлігі, өйткені жүргізушілер ақы төлеуге назарын аудармай, алаңсыз көлікті жүргізе береді.

Айта кету керек, жеңіл көлік иелері Орал-Ақтөбе жолын тегін пайдаланады. Жол жүру ақысы тек коммерциялық жүк көлігінен алынатын болады. Жиналған қаражат жолдың өзін-өзі қаржыландыруын ғана емес, сонымен қатар жолдағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін ұстап тұратын сервис қызметін де қамтамасыз етеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу