Әуе компания таратқан ақпаратқа сәйкес, 11 шілде күні сағат 21:00-да ұшуы тиіс КC7166 Орал - Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілген, деп жазады inbusiness.kz.
"Рейс Орал қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 12 шілдеде сағат 09:20-да ұшады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, ұшақ 5 сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады. Сондай-ақ егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу