Орал әуежайы кімге тиесілі?

Әуежай акцияларының 49 пайызы ресейлік "Ретранс" АҚ компаниясына тиесілі.

Орал әуежайы кімге тиесілі? Фото: baq.kz

Астанада өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтен тілшілер "Орал әуежайы шетелдік инвесторларға сатылғаны рас па?", – деп сұрады. 

Аймақ басшысы әуежай акцияларының 49%-ы ресейлік "Ретранс" АҚ компаниясына тиесілі екенін, ал акциялардың бақылау пакеті облыс әкімдігінің қолында екенін айтты.

"Бұл "Аймақтар әуежайлары" АҚ құрамына кіретін басқарушы компания, холдинг. Бұл компания акционер. Ал Вексельбергке келсек, ол бүгінде "Ретранс" АҚ құрылтайшысы емес. Неліктен? Өйткені бұл компанияның акцияларын иеліктен шығарғанда, ИИДМ азаматтық авиация комитеті осы мәліметтердің барлығын мұқият тексерді: не кімге немесе кім қай акционерлік қоғамға тиесілі және т.б.", – деді өңір әкімі. 

Бұл ретте ол тәуекелдердің барлығы ескерілгенін жеткізді. 

"Содан кейін ғана өткен жылы қарашада Үкімет қаулысы шықты деп ойлаймын", - деді әкім брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере келе. 

Аймақ басшысы ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда нысанды уақытша басқару мемлекет меншігіне өтетінін де баса айтты.

Еске сала кетсек, 13 ақпанда жергілікті әуежайдың шетелдік инвесторларға сатылғаны туралы ақпарат тараған.

Жергілікті лауазымды тұлғалар оның негізгі үлесі әлі күнге дейін мемлекетке тиесілі екенін, терминал үш жылға ғана сенімгерлік басқаруға берілгенін айтып ақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу