Жобаның техникалық параметрлері жолаушылар терминал аумағын 5000 шаршы метрге дейін кеңейтуді, өткізу қабілетін сағатына 400 адамға дейін және жолаушылар ағынын жылына 320 мың адамға көбейтуді көздейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.
"Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және "Орал" халықаралық әуежайы" ЖШС –мен бірлесіп, Орал қаласының әуежайын қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыруда. 2018 жылдың соңына дейін "Edli&Co" ЖШС жобалық ұйымы әуежайды қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. Ал келесі жылдан бастап құрылыс жұмыстары басталады", - деді Алтай Көлгінов.
Құрылыс жұмыстары "КПО б.в." компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары аясында жүзеге асырылмақ.
Айта кетек, Орал әуежайы республикада ең ескі әуежайлардың бірі. Дейтұрғанмен, халықаралық байланысты орнату мақсатында Мәскеу мен Франкфуртке дейінгі рейс ашылды. Сондай-ақ, әуежай толық мемлекеттің меншігіне өтті.