Орал әуежайына Мәншүк есімі берілуі мүмкін

792

БҚО депутаттарының шешімін енді республикалық ономастикалық комиссия қарайды.  

Орал әуежайына Мәншүк есімі берілуі мүмкін

Орал әуежайына қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілуі мүмкін. Бұл жайлы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, деп жазды  inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, 20 қазанда өткен облыстық мәслихаттың VII сессиясында "Nur Otan" партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізеді. Депутаттар әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсынысты бірауыздан қолдаған. 

"Тиісті шешім қабылданды. Енді ұсыныс ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады", – дейді Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу