Орал автобусындағы сурет таңғалдырды

444

Онда ту астында құшақтасқан екі еркек бейнеленген.

Орал автобусындағы сурет таңғалдырды

Орал қаласының қоғамдық көліктеріне жапсырылған сурет кейбір қала тұрғындарының таңданысын туғызды. Онда қылмыскердің кісі көп кезде жолаушыны өтірік құшақтаған болып, тонап кетуі мүмкін екендігі жайлы жазылған. Ол үшін "көгілдірлер" туының астында құшақтасып тұрған екі ер адам бейнеленіпті.  

Қалалық әкімдік бұл плакаттар полиция қызметінің бастамасымен жабыстырылғанын айтқан. 

"Бұл суреттерді жабыстырғанымызға біраз уақыт болды, оны кімдер дайындап шығарғанын да білмейміз қазір. Негізі оны жасаған адамдар ол тудың не мағына беретінін білмей, суретті интернеттен ала салған болуы мүмкін. Оның үстіне бұл тудың ЛГБТ-қоғамдастыққа жататыны жөнінде ресми құжат та жоқ қой", – деп түсіндіреді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібаев.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу