Орал халықаралық әуежайында жаңа терминал салынады

787

Бұдан бөлек ескі ғимаратты толық жөндеуден өткізу көзделіп отыр.

Орал халықаралық әуежайында жаңа терминал салынады

Құны 1,5 млрд теңге болатын жоба шетелдік инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылмақ. Жоспарға сәйкес терминал аумағы ұлғайтылады. Жолаушыларға қызмет көрсететін және жүк қабылдайтын заманауи құрылғылар, тіркеу уақыты мен паспорттық бақылау шараларының уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылады, деп хабарлайды 24.kz.

Сонымен қатар жаңартылған әуежайда VIP аймақ салынады. Бұның бәрі жолаушылар ағымын арттыруға септігін тигізеді. Нысанды 2020 жылдың аяғына қарай пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, әуежай ғимараты 47 жыл бұрын салынған, содан бері жөндеу көрмеген. Ал 4 жыл бұрын апатты жағдайда болуына байланысты ұшу-қону жолағы жөндеуден өткізілді.

"Негізгі мақсаты бұл көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздік сапасын арттыру болып табылады. Жоба шеңберінде ғимараттың жалпы алаңы ұлғайып, 7 мың шаршы метрге дейін ұлғайып, оның ішінде бүкіл құралдары жаңартылатын болады. Бір ғимараттың ішінде халықаралық және ішкі рейс қызметтері көрсетіледі. Қайта құрылу жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа әуежай бағыттарын ашу көзделіп отыр",– дейді "Орал" ӘКК бірінші орынбасары Артур Досқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу