Орал қалалық сотының төрағасы ұсталды

255

Төрағамен қоса екі адвокат та ұсталды. 

Орал қалалық сотының төрағасы ұсталды Фото: Уральская неделя

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 1,5 миллион теңге пара айыпталушы азаматты ақтап алу үшін берілмек болған. Жедел-тергеу амалдарын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген. 

Руслан Жұмағұлов 1980 жылы туған. 2001-2011 жылдары аралығында БҚО прокуратура органдарында қызмет еткен. 

2011-2015 жылдары адвокат болған. 

2015 жылы Оралдағы қалалық сотқа судья болып тағайындалып, 2019 жылы соттың төрағасы болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу