Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

264

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тасқын судың алдын алу бойынша облыстық жедел штабтың отырысын өткізді.

Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды Фото: gov.kz

Отырыс барысында облысқа қарасты қалалар мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алуға  бағытталған жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Штаб отырысында облыс әкімі Орал қаласының әкімі Миржан 
Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.

“Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше, және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды тәулік  бойы бақылауда ұстаңдар”-деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу