Орал қаласы халықаралық әуежайының аумағында жүк терминалы салынбақ

376

Қазір жоба инвестор тарапынан жан-жақты зерттеліп жатыр.  

Орал қаласы халықаралық әуежайының аумағында жүк терминалы салынбақ Фото: gov.kz

Осы мақсатта Ssistem Logistic түрік компаниясының басшысы Хусейн Барлин және "KazakhInvest "ҰК" АҚ басқарма төрағасы М.Б. Юсупов бастаған делегация Орал қаласына арнайы барды, деп жазады inbusiness.kz.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Е.Т.Балтаевтың төрағалығымен "Орал қаласының халықаралық әуежайы аумағында жүк терминалын ұйымдастыру және салу" инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске "KazakhInvest "ҰК" АҚ, Ssistem Logistic өкілдері, ҚР ИИДМ КМА төрағасының орынбасары А.Т. Өтепов, "Ма Орал" ЖШС директоры А. Тұраш және әкімдік пен ӘКК басқармаларының басшылары қатысты.

Аталған кеңес барысында жобаның проблемалық мәселелері, тараптардың өзара іс-қимыл тетіктері талқыланып, жобаны іске асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу