Бүгін осы өңірдегі Орал қаласы мен Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Қазір, Деркөл мен Чижа-2 өзендерінде судеңгейі қауіпті шекке жеткен. Сондай-ақ, Шідерті, Өлеңті және Шаған өзендері де арнасынан асып барады. Қазір жергілікті әкімдік пен құтқарушылар қауіптің бетін қайтаруға күш салуда. Батыс Қазақстан облысындағы су каналдары арналарынан асып барады. Екпінді ағыннан құбырлар бітеліп, қызыл су 17 ғимарттың ауласын басып қалған. Қазір, су басқан жерлерде электр сымдарының тұйықталуы болмас үшін мыңға жуық абонентке жарық беру тоқтатылған. Сондай-ақ, жертөлелері суға толған үйлерден жылыту жүйелері уақытша өшірілді.
"Үш күннен бері жарықсыз отырмыз. Жылу жоқ. Жыл сайын осындай жағдай, екі ортада біз зардап шегіп отырмыз. Ертерек тасқын судың алдын алуға болады ғой. Қажетті азық-түлікті де сырттан тасымалдаймыз", дейді қала тұрғыны Нұргүл Бердіғалиева.
Құтқарушылар судың жолын ашу үшін автожолды қолмен жыруға тура келді дейді. Қазір, қауіп басым елді мекендерді бақылауда ұстау үшін Ми-8 ұшағы кезекшілкке қойылған.
"Деркөл мен Шаған өзендерінің деңгейі күннен-күнге көтерілуде. Мысалы, өзім түнде сағат бірде Деркөлге қойған белгімді қарап кеттім. Жасыл пакетпен орап, бір ағашты қойып кеткем. Жаңа таңертең барып қарағанда сол белгі 25-30 сантиметрге өсіп кеткен. Әлі жоғарыда жатқан қар бар,мұз бар. Олар әлі де үлкен қарқынмен төмен қарай түсуі мүмкін", дейді Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.
Шығыс Қазақстан облысында да қауіпті аймақтарға тікұшақпен барлау жүргізілуде. Мамандар өзен бойындағы үш бірдей елді мекенге қатер төніп тұрғанан айтады. Алтай аудынына қарайтын Малеевск, Богатырево және Быково елді мекендеріне мұз жару жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ,тау жоталарындағы қалың қар жасанды жарылыстар арқылы төмен түсірілген.
"Қазір өзен бойындағы төрт ауданнан 16 қауіпті учаскені анықтадық. Бүгін мамандармен 8 мәрте мұз жару жұмыстары жүргізілді. Жалпы су тасқының алдын алу үшін облыста арық атыздарды, су арналарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 85 пайызға орындалған", дейді ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Ринат Қондыбаев.
Ал, Ақтөбе облысы Ойыл ауданында былтыр ғана жөндеуден өткен жолды су шайып кетті. Қазір автокөліктер айналма жол арқылы қатынауда. Төтенше жағдайлар қызметі мұндағы жағдай бақылауға алынғанын айтады. Бұған дейін Байғанин ауданында көпірді су шайып, төрт ауылға қатынас шектелген болатын.