Орал қаласында 2 млн теңге бопсалаған тұрғын ұсталды

330

Бұл туралы БҚО Полиция департаменті хабарлайды. 

Орал қаласында 2 млн теңге бопсалаған тұрғын ұсталды Фото: inbusiness.kz

Орал қаласында 2 млн теңге бопсалаған тұрғын  ұсталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласының 1984 жылғы тұрғынын қолға түсірді.

Ресми деректер бойынша, күдікті 1992 жылғы тұрғынды күш қолданамын қорқытып, 2 млн теңге бопсалаған. Оның бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2004 және 2003 жылғы үш күдіктіні ұстады. Бұлар Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге бопсалаған. Күдіктілердің барлығы Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған деректер бойынша, ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар мүліктерін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеледі немесе бас бостандығынан айырылады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу