Мәлімет бойынша, ер адамның ақыл-есі кем болуы мүмкін, сондықтан ол мекенжайын білмейді.
Зейнеткердің қызы Венера 88 жастағы Болат Бәйменов үйінен кеше, 16 наурызда 16.00 шамасында шығып кеткенін айтып отыр.
"Деменция диагнозы бар, оның көлігі бар екенін және оған қосалқы бөлшектер қажет екенін айтуы мүмкін. Әдетте, әкем өзі дүкенге барып келетін, жоғалып кеткен кезі болған емес. Бүгін үйге оралмады. Полицияға жүгіндік. Телефоны қосулы, бірақ қоңырауға жауап бермейді. Көрген адамдар болса хабар беруін сұраймыз", - дейді ол.
БҚО Полиция департаменті өкілдері адам жоғалу дерегі тіркелгенін хабарлады. Бүгінде іздеу шаралары жүріп жатыр.