Орал қаласында әкімдік ғимаратын су басты

301

Орал қаласында 26 наурызда таңертеңнен бастап нөсер жаңбыр құйып тұр.  

Орал қаласында әкімдік ғимаратын су басты Фото: Telegram/mgorod_kz

Қолайсыз ауа райы салдарынан бүкіл қала шалшық суға толды. Қалалық әкімдіктің ғимаратын су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді, жауын-шашын тағы екі күнге созылады.

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, бірақ бәріне үлгеру мүмкін болмауда.

"Мой город" өңірлік басылымы еріген қар суы және жаңбыр қала әкімдіктің ғимаратына кіріп кеткенін жазады.

"Табиғи апаттан ең төменгі қабат - жертөледе орналасқан жер қатынастары бөлімі зардап шеккен. Қазір мұндағы су сорылып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қала тұрғындары да көмекке жүгінуде. Бірнеше күн ішінде 249 мекен-жай бойынша 600-ге жуық шақырту келіп түсіпті. Олар ауласына келіп алған қызыл су үйге кіріп кетеді ме деп қорқады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу