Орал қаласында борышкерлерге су беру тоқтатылады

444

Себебі, тұтынушылардың қарызы 170 млн теңгеден асқан.  

Орал қаласында борышкерлерге су беру тоқтатылады Фото: ratel.kz

Сондықтан бұдан былай коммуналдық қызмет ақысын төлемегендер судан ажыратылады. Тұрғындардың ішінде судың ақысын бірнеше жылдан бері төлемегендер де бар, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Соның кесірінен "Батыс Су Арнасы" коммуналдық мекемесі техника мен басқа да жабдықтарды жаңарта алмай отыр. Көпқабатты үйлерде су көзі оңай ажыратылады. Ал жеке пәтердің суын кәріз жүйесі арқылы тоқтату үшін арнайы құрылғы сатып алынбақ.

"Борышкерлермен осы күнге дейін келісуге тырыстық. Бірнеше рет ескерту бердік. Рейд жүргіздік. Бірақ, нәтиже жоқ. Сондықтан барынша қатаң шаралар қолдану керек деп шештік. Бүгінде несие беру орталықтарымен де келісімшарт жасастық. Енді тұрғындардың өтелмеген коммуналдық берешегі болса, несие алуға кедергілер туындайды", - деді "Батыс Су Арнасы" коммуналдық қызмет мекемесінің заңгері Юлия Себелева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу