Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Барлығы 53 адам эвакуацияланды, оның ішінде 18-і балалар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7 қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт болды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
"Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді", - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу