Орал қаласында саяжай тұрғындарын көшіру басталды

492

Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейі көтеріліп, қауіп төнуіне байланысты Оралда саяжай тұрғындарын көшіру басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орал қаласында саяжай тұрғындарын көшіру басталды Фото: БҚО ТЖД

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, облыс орталығында эвакуациялық пункттер үшін 8 орын анықталса, соның 5-еуі толық жасақталған.

Қазіргі кезде тұрғындар эвакуациялық пункттерге орналасып жатыр. Қала маңындағы саяжайлар аумақтарында 20 мыңнан астам адам тұрады.

Орал қаласы ТЖ басқармасының мәліметіне сәйкес, бірінші кезекте Маштаков, Ягодка, Үміткер бау-бақша серіктестігі тұрғындары эвакуацияланады. Сұрақтар туындаған жағдайда қалалық штабқа 8-711-224-05-70 және 8-711-224-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі су тасқынына байланысты психологтардың эвакуациялық пункттерде зардап шеккен тұрғындарға шұғыл көмек көрсетіп жатқанын жеткізді. Психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында қауырт желі телефоны жұмыс істейді: 8-7112-55-40-88. 

Департаменттің соңғы мәліметі бойынша, Бөрлі ауданы Аралтал ауылында 9 тұрғын үйге су кіріп, 27 адам Ақсай қаласына эвакуацияланған. Су тасқыны зардаптарын жоюға БҚО және Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамы, оған қоса жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы бір ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз. БҚО-да мұздай су кешкен құтқарушы қашан да елмен бірге екенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу