Орал қаласында саяжай тұрғындарына тағы да 6 пәтер берілді

206

Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынды. 

Орал қаласында саяжай тұрғындарына тағы да 6 пәтер берілді Фото: БҚО әкімдігі

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 6 саяжай тұрғыны баспаналы болды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.

Оралдық Қайрат Шакировтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған.  Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.

"Су тасқынынан кейін эвакуациялық пунктте тұрдық. Тезірек баспаналы болғымыз келді. Бүгін арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз", - деді ол.

Осылайша Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу