Орал қаласында шаңды дауыл соғып, қаланың көп бөлігі жарықсыз қалды

310

Шаңды дауыл Орал қаласы мен облыстың бірқатар ауданында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орал қаласында шаңды дауыл соғып, қаланың көп бөлігі жарықсыз қалды Фото: Әлеуметтік желіден

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қаланың көп бөлігінде жарық сөніп қалды.

Қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Бірқатар аудан, ауылдар да осындай жағдайға ұшырады. Оның үстіне өңірде күн де ыстық, 35 градусты көрсетіп тұр.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осындай ауа райы 8 шілде күні де сақталады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күн 35 градус ыстық болғандықтан, өрт қаупі де жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу