Кейбір бекеттерде отын талонмен беріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Оның басты себебі - ай басталғалы Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылды. Облыс сұйық отында Атырау және Ақтөбе зауыттарынан алады. Қазір жанармай құю стансаларында 550 тонна газ қалған. Бұл үш күндік қор. Ал өңір бір айда 5 мың жарым тонна газ тұтынады. Зауыттағы жөндеу кемінде екі аптаға созылады.
"Зауыттың тоқтауына байланысты бізде қазір облысымызда газ жетіспеушілігі байқалуда. Мұны қалай шешіп жатырмыз? Әрине энергетика министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қосымша айта кеткен жөн, жергілікті "ЖайықМұнай" компаниясынан келіссөздер жүргізілді. Уақытша 1500 тоннаға дейін газ беру жоспарлануда. Бүгінгі күні газ беріп бастады", - деп мәлімдеді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Мирас Мүлкәй.