Орал қаласының әкімдігі ескертеді: "Саяжай тұрғындары эвакуацияға дайын болыңыздар!"

563

13 наурызда Оралда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.  

Орал қаласының әкімдігі ескертеді: "Саяжай тұрғындары эвакуацияға дайын болыңыздар!" Фото: gov.kz

Орал қаласының әкімдігі саяжай тұрғындарын су басу қаупі туралы ескертіп, эвакуацияға дайын болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдікке сілтеме жасап.

Қазір аймақта Шаған мен Дерқұл өзендерінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжайларды су басу қаупі төніп тұр.

"Шаған және Дерқұл өзендерінде су деңгейінің көтерілу мүмкіндігі және осы өзендерге жақын маңда орналасқан бау-бақша серіктестіктерін су басу қаупі бар. Су басу қаупі бар саяжай тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек", –деді әкімдік.

Су тасқыны жағдайына байланысты Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 55-40-66, 87052469629 жедел желі телефоны ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу