Орал қаласының әкімі ауысты

1269

Орал қаласының әкімі ауысты

Облыс әкімі Алтай Көлгінов қала активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін Теректі ауданын басқарып келген Мұрат Мұқаев президент әкімшілігінің және қалалық маслихаттың келісімімен қала әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды uralsk.gov.kz.

Мұқаев Мұрат Рахметұлы 1969 жылы туған. 2 жоғарғы білімі бар(бухгалтерлік есеп, экономист, заңгер мамандығы бойынша). Еңбек жолын 1992 жылы аудандық деңгейде салық инспекциясының есепке алу жөніндегі инспекторы болып бастады. 
1994-1997 жылдары банк саласында қызмет атқарды. 1997-2011 жылдары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша кеден саласында қызмет атқарған. 2011-2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2013 – 2016 жылдары Жәнібек ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Теректі ауданының әкімі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу