Орал қаласының әкімі болып Сатқанов Миржан тағайындалды

2126

ҚР Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Орал қаласының әкімі лауазымына Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қаласының әкімі болып Сатқанов Миржан тағайындалды

Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары:
- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшы орынбасары;
- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;
- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
- БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Қазіргі қызметке ауысқанға дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу