Орал қаласының әкімі үйі суға кеткен тұрғынға 2,2 млн теңге төлейтін болды

260

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орал қаласының әкімі үйі суға кеткен тұрғынға 2,2 млн теңге төлейтін болды Фото: canva.com

Өткен жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен азамат қала және облыс әкімдіктеріне жүгініп, оның тұрғын үйін тұруға жарамсыз деп тану және тұрғын үй беру туралы өтініш жазған.

Алайда бас тарту туралы жауап алған. 

– Істі қарау барысында судьяның ұсынысымен тараптар келісімге келді. Келісімнің шарттары бойынша талапкер талап қоюдан бас тартады. Жауапкер өз кезегінде биылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде талапкерге төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен адам ретінде мүлікті бағалау туралы есепке сәйкес 2 млн 231,082 мың теңге мөлшерінде залал сомасын төлеуге міндеттенді, – деп хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу