Орал қаласының экс-әкімі аппарат басшысы болып тағайындалды

1057

ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен БҚО әкімі аппаратының басшысы болып Шыныбеков Абат Абайұлы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қаласының экс-әкімі аппарат басшысы болып тағайындалды

Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығын механизациялау", 1998 жылы Батыс Қазақстан "Евразия" тілдер және менеджмент институтын "Экономика – менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.

Әр жылдары:
- Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы;
- БҚО әкімі аппаратының инспекторы, бөлім басшысы;
- Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
- "Нұр Отан" партиясы БҚОФ төрағасының орынбасары;
- Орал қалалық мәслихатының хатшысы;
- Сырым ауданының әкімі;
- Казталов ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Орал қаласының әкімі болып еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу