Орал қаласының шетінде құрғақ шөп және орман екпелері өртеніп жатыр

539

Өрт 20 сәуір күні күндіз орын алды, жалпы ауданы 70 га құрады. 

Орал қаласының шетінде құрғақ шөп және орман екпелері өртеніп жатыр Фото: gov.kz

Жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің және "Орман және жануарлар дүниесін қорғау" ММ бірлескен жедел іс-қимылдарының арқасында өрт осы алаңда сағат 20.36-да уақтылы оқшауланды.

Елді мекендерге қауіп жоқ, жекелеген жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Түнгі уақытта жасырын жану ошақтарының  жоқ екеніне көз жеткізу және олардың қайта жануына жол бермеу үшін өрт шарпыған 3 учаскедегі ұсақ жану ошақтарына су төгу және қарауылдау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта желдің жылдамдығы 5-7 м /с, сыртқы ауа температурасы +11 градус.

Жел бағытының үнемі өзгеруіне және арнайы техниканың өтуіне қол жеткізу қиын болғандықтан өртті сөндіру қиынға соқты, сөндіру жұмыстары жаяу өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды пайдалану арқылы жүргізілуде.

БҚО ТЖД Дағдарыс орталығында Орал қаласы әкімдігінің, Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау коммуналдық мемлекеттік мекемесі (орман шаруашылығы), Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, "Батыс Қазақстан өңірлік электр желісі", "Жайықтазақала" ЖШС, "Батыс Су арнасы" ЖШС жауапты тұлғаларын тарта отырып жедел штаб қызмет көрсетуде.

Өртті сөндіру басшысы "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры К. Е. Есенғалиев, өртті сөндіру басшысының көмекшісі БҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р. Блялов болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар өртті сөндірудің барлық қатысушылары үшін ыстық тамақ ұйымдастырды. Сонымен қатар, жеке құрам үшін ауысымдық демалыс ұйымдастырылды.

Өртті сөндіруге жалпы ТЖД, "Резерв" мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, әкімдіктің ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы, "Жайықтазақала" ЖШС 158 адам және 34 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу