Орал көшелерінде ер адам өзіне қол жұмсамақ болған

469

Оқиға 28 қыркүйек күні шаһар орталығында болды.

Орал көшелерінде ер адам өзіне қол жұмсамақ болған Фото: inbusiness.kz

Орал қаласында ер адам көшеде өзіне-өзі пышақ жұмсамақ болған. Оны полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Н.Назарбаев даңғылы бойында "Юбилейный" аялдамасында белгісіз ер адамның тамағына пышақ тақап, өзіне-өзі қол жұмсамақшы болғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының экипажы жедел жеткен. Тәртіп сақшыларының бірі, полиция кіші лейтенанты Жасұлан Балмағамбетов ер адамды сөзге тартып, көңілін аулаған. Тағы бір полиция кіші лейтенанты Мұхаммадрасул Рашидов артынан келіп, суық қаруды тартып алып, жерге құлатады. Тексеру кезінде ұсталған азаматтың Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны екені, біраз уақыттан бері созылмалы дертпен есепте тұрғаны анықталды. Оқиға орнынан алынған пышақ тәркіленді. Түсініктеме берген тұрғын аурудан шаршағандықтан, осындай қадамға еріксіз барғанын айтты. Қазіргі кезде ол Орал қаласының уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды", деп хабарлады ведомстводан.

Аталған оқиғаны куәгерлер бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып үлгерген. Бейнетүсірілім көптеген қаралым жинап, қолданушыларға полиция қызметкерлерінің әрекетіне оң пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу