Орал қаласы мектептерінде күннің суытуына байланысты сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орал қалалық білім бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, ауа температурасының 28 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Күннің суытуына орай биыл қалада алғаш рет осындай шара қолданылып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу