Орал мен Атырау арасына қатынайтын 3 жаңа автобус желіге шықты

1028

Бұл көліктерді қалалық автовокзал иелері несиеге алып отыр. Әрбірінің құны – 50 млн теңге.

Орал мен Атырау арасына қатынайтын 3 жаңа автобус желіге шықты

Алдағы уақытта Орал мен Атырау арасында жоғары санаттағы автобустар қатынайтын болады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл көліктерді қалалық автовокзал иелері несиеге алып отыр. Әрбірінің құны – 50 млн теңге.

3 жаңа автобус жаңа жыл қарсаңында желіге шықты. Жолаушы тасымалдаушы көліктердің сыйымдылығы 53 адамға шақталған. Электронды билет құрылғысымен жабдықталған көліктер желдеткіш, бейнекамера, тіпті ыстық және суық сумен қамтылған.

Орал қаласының автовокзалынан 40 ауданаралық, 3 облысаралық және 5 халықаралық автобустар қатынайды. Тәулігіне 800 адамға қызмет көрсетеді. Ал 2019 жылға  6 бағыт бойынша ауданаралық жолаушылар тасымалын субсидиялау үшін 70 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

"Батыс Қазақстан автобус паркінда электронды түрде билет алуға болады. Бұл "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы бойынша. Бүгіннен бастап қосымша жүк тасымалдағанда билет бағасы өзгермейді. Сол қалпында қалды. Бұл сол жолаушылар үшін жасалған", – дейді облыстық жолаушылар тасымалдау басқармасының басшысы Медет Шакаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу