Орал мен Атырау арасында автобус қатынауына рұқсат берілді

865

Дегенмен Орал-Ақтөбе бағытына қатысты жағдай әлі белгісіз. 

Орал мен Атырау арасында автобус қатынауына рұқсат берілді Фото: Мария Матвиенко

Бір жылға жуық үзілістен кейін Орал мен Атырау арасында автобус қатынайтын болды. Бұған дейін карантин кезінде қалааралық автобустарға 300 шақырымға дейін ғана жүруге рұқсат етілгендіктен, облыс орталығынан Атырау мен Ақтөбе қалаларына қатынайтын маршрутты көліктердің жұмысы тоқтатылған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"27 ақпан күні ҚР бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, "сары" және "жасыл" аймақтарға жататын облыстардың арасында жолаушылар автобусының жүруіне рұқсат етілген", – деп түсіндіреді "Батыс Қазақстан автобус паркі" ЖШС басшысы Талғат Бисекенов. 

Айта кетейік, Оралдан Атырауға қатынайтын автобустарды қайта жүргізуді көпшіліктің талап етіп сұрап отырғанын жазған болатынбыз. Соның ішінде, БҚО-дан Атырау облысына ай сайын қатынап жұмыс істейтін вахташылар қатты табандылық танытып, "ай сайын бастарын қауіпке тігіп отырғандарын" жеткізген. Әсіресе, ақпан айында бір аптаның ішінде екі рет бірнеше кісі көз жұмған ірі жол-көлік оқиғалары болғаннан кейін басшылық та кесте бойынша және жылдамдықты арттырмай жүретін автобустарды іске қосуды дұрыс көрген сыңайлы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу