Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды

277

Бейнежазба авторы полицияның назарына ілікті.

Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтаған. Тексеру барысында оның авторы белгілі болды.

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын сақтап, балағат сөздер қолданбауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу