Орал тұрғыны қызын зорлады деп айыпталған 4 жасөспірімді ақтауды талап етті

262

Прокурор олардың кінәсі дәлелденгенін айтып, 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Орал тұрғыны қызын зорлады деп айыпталған 4 жасөспірімді ақтауды талап етті Фото: dzen.ru

Оралдық тұрғын соттан қызын зорлады деп айыпталған 4 жасөспірімді ақтауды талап етті. Айтуынша, қызы анасына өтірік айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осы аптада Орал қаласының сотында топтасып қыз зорлады деп айыпталған 16-17 жас аралығындағы төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты қылмыстық істің жарыссөзі өтті. Олар өткен жылдың 13 маусымында қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша қамауға алынған. Олардың тергеу изоляторында жатқанына бір жылға жуықтады.

Жәбірленушінің анасы қызының бастапқыда өтірік айтқанын, оны ешкім зорламағанын айтады. Ол Тоқаевқа және БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне айыпталған жасөспірімдерге қатысты әділетсіздік жасалып жатқанына назар аударуды сұрап хат жолдады.

Алайда прокурор олардың кінәсі дәлелденгенін айтып, 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот жабық есік жағдайында өтті.

"Бұл фактіні барлық сот-медициналық сараптамалар мойындап отыр", - дейді әйел.

Айтуынша, қызы өткен жылдың қазан айында тергеушілерге өтірік айтқан.

"Мен бұл фактіні жазып алу үшін тергеуді талап еттім, бірақ мемлекет есебінен бізге берілген тергеуші мен адвокатымыз алаяқтық жолмен сотқа жіберілген айыптау актісіне менің қолтаңбамды алды", - дейді қыздың анасы.

Оның айтуынша, жарыссөз барысында оның адвокаты соттан айыпталушыларды кінәсіз деп тауып, ақтау үкімін шығаруды сұраған.

"Сот әділ өтуі керек. Мен бұл балалардың кінәсіз екенін дәлелдегім келеді",- дейді қыздың анасы.

Жәбірленушінің анасы айыпталушы жасөспірімдер ұсталғаннан кейін бірінің екі қолы шығып, бірінің қолы сынғанына айтты. Оның ойынша оларды азаптаған.

Қолдары шығып кеткен жасөспірімнің туысы полиция департаментінің басшылығы олардың баланың жарақаттанғаны туралы мәлімдемесіне және тергеу жүргізу туралы өтінішіне жауап бермегенін айтты.

Алайда бұл іс бойынша тергеушілер үш рет ауысып, 8 айдан кейін сотқа келген.

Сот үкімді 31 мамырда шығарады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу