Орал тұрғыны тіс емханасынан сот арқылы 1,2 млн теңге өндіріп алды

157

Сот әйелдің талабын ішінара қанағаттандырды. 

Орал тұрғыны тіс емханасынан сот арқылы 1,2 млн теңге өндіріп алды Фото: viamed.kz

Орал қаласының тұрғыны тіс емханасынан сот арқылы 1,2 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты БҚО сотына сілтеме жасап.

Қалалық №2 сотта оның тіс емханасына қатысты талап арызы бойынша 1,9 млн теңге матералдық шығын, 3 млн теңге моральдық шығын және 1,1 млн теңге шығындарды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Әйел адам 2022 жылы мамыр айында жеке тіс емханасына жүгініп, сол жерде оған қызмет көрсетілген. Бұл қызметтерге талап қоюшы 700 000 теңге төледі. Бірақ медициналық қызмет сапасыз жүргізілгендіктен, талап қоюшы басқа клиникаға жүгініп, тағы 1 249 000 теңге жұмсаған.

2022 жылдың шілдесінде талапкер Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне жүгінді. Департамент тіс емханасында анықталған бұзушылықтарға байланысты оларды жою туралы ұйғарым шығарды.

"Сот аталғандардың негізінде талапты ішінара қанағаттандырды және тіс емханасынан 700 000 теңге материалдық және 500 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндірді. Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылмады", – делінген сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу