Орал тұрғыны туған анасын өлтіру күдігімен қамалды

397

Күдікті психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған.

Орал тұрғыны туған анасын өлтіру күдігімен қамалды Фото: polisia.kz

 

Орал қаласында тұратын 60 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен оның өз ұлы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

"3 шілде күні сағат 12:56 шамасында БҚО ПД кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан үйдің есік алдында иесінің денесі жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі - отбасылық-тұрмыстық жанжал. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу