Орал түрмесінде терроризмді насихаттаған сотталған адамға сот үкімі шықты

726

Ол 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Орал түрмесінде терроризмді насихаттаған сотталған адамға сот үкімі шықты Фото: esquire.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша "У" азаматына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 5 қаңтарда Орал қаласының № 2 соты аталған азаматты ҚР Қылмыстық Кодексінің 256-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Айыпталушы 2020 жылдан бері түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамауда отырғандар арасында радикалды идеологияны насихаттаған.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот шешімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу