Орал түрмесіндегі сотталушылар еліміздің басқа өңірлеріне көшірілді

195

Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді. 

Орал түрмесіндегі сотталушылар еліміздің басқа өңірлеріне көшірілді Фото: freepik

Су басу қаупі төнуіне байланысты Орал қаласындағы түзету мекемесінен жазасын өтеушілер көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

"№ 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды.  Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді", - деп хабарлады ведомстводан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу