Оралда Халықаралық би күніне орай "Биле JASTYQ" атты кең көлемді хореографиялық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа алаңға жиылған жұртшылық ұлттық саз әуеніне мың бұрала билеген 1500 бишінің өнеріне тәнті болды. Олардың қатарында "Назерке", "Ақжайық" және "Қызғалдақтар" секілді танымал ансамбльдер мен өнерге енді қадам басқан би ұжымдары бар. Бес минутқа созылған би мерекесіне өнерпаздар 5 күн бойы дайындалыпты.
"Акцияға 4 жастан бастап 25 жасқа дейінгі бишілер қатысып жатыр. Мұндай акция біздің Орал қаласында бұрын болмаған", – дейді Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының бас балетмейстері Қарлығаш Қадырбекқызы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу