Оралда 10 қылмыс тіркелген кафе жабылып тынды

513

Ойын-сауық орнына қатысты полицияның 102 арнасына 70 рет шағым түскен.

Оралда 10 қылмыс тіркелген кафе жабылып тынды Фото: ЖИ

Орал қаласында құқық бұзушылықтар жиі тіркелген SKY кафесінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орал қалалық полиция басқармасы "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізіп, құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін орындарды анықтаған. 

Жыл басынан бері аталған мекемеде 10 қылмыс тіркеліп, бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Осыған байланысты полиция тиісті органдарға бірлескен тексеру жүргізу туралы ұсыныс жолдаған. Нәтижесінде қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері кафені тексеріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша мекеменің қызметі тоқтатылды.

Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу