Оралда 10 млн теңгеге жылы аялдамалар орнатылды

1263

Құрылыс материалдары мен қызмет көрсету бағасы көтерілгендіктен жылы аялдамалар қымбатқа салынған.  

Оралда 10 млн теңгеге жылы аялдамалар орнатылды

Оралда 10 млн теңгеге 2 аялдама орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Өткен жылы аталған аялдамалар 7 млн теңгеге салынған.

Облыс орталығында екі жылы аялдама пайдалануға берілді. Оған 10 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалған. Олар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы "Өлкетану мұражайы" аялдамасында (бұрынғы "Облисполком" аялдамасы) және Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы "Жигули" аялдамасында орналасқан. Жаңа аялдамалар 7:00-ден 22:00-ге дейін ашық болады, түнде жабылады.

Тұрғындардың пікірінше, жаңа павильондар қымбатқа салынған. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Мұхаметқалиевтің айтуынша, жаңадан салынған аялдамалар адамдар көп жүретін жерде орналасқан.

"Жазда павильондарда кондиционер, ал қыста жылыту пеші жұмыс істейді. Онда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары орнатылады. Мұнда адамдар смартфондарын қуаттай алады. Аялдаманың құны – 10 млн теңге, өткен жылмен салыстырғанда қымбат. Бұл құрылыс материалдары мен қызмет көрсету бағасының өсуімен байланысты", – деді бөлім басшысы.

Жаңа аялдамалар жеке кәсіпкерлерге берілмейді. Ондағы тазалыққа SmartQala компаниясының өкілдері жауап береді. Олардан жалдау ақысы алынбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу