Оралда 11 күн бұрын жоғалған тұрғынды іздеуге тікұшақ шығарылды

533

Орал қаласының тұрғыны 5 қараша күні саңырауқұлақ теруге шығып, қайтып келмеген. Іздеу жұмыстарына тікұшақ тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.  

Оралда 11 күн бұрын жоғалған тұрғынды іздеуге тікұшақ шығарылды Фото: kazaviaspas.kz

Орал қаласының 1949 жылғы тұрғыны 5 қараша күні таңертең саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, содан қайтып оралмаған. 6 қарашада туыстары Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді.

Жоғалған адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Жалпы, іздеу жүргізілген аудан – 56 шаршы км және сулы аумақта – 25 км.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 6 қарашадан бастап құтқарушылар, полиция, еріктілер, жергілікті тұрғындар, орманшылар, әскери қызметкерлер қатысып жатыр. Олардың жалпы саны – 325 адам және 41 техника шығарылды.

Осы уақытқа дейін іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Туыстарының айтуынша, жоғалған адам алкогольді асыра пайдаланбаған, есте сақтау қабілетінен айырылмаған. Сонымен қатар, онымен бірге ұялы телефонының болмағаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу