Оралда 16 жастағы бозбала қайтыс болды

504

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оралда 16 жастағы бозбала қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

 

Оралда 16 жастағы бозбала қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық көпбейінді балалар ауруханасына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала жеткізілген. Бозбала есін жинамаған күйі жансақтау бөлімінде марқұм болды.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, қазіргі таңда сараптама жасалып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу