Оралда 2 жасар қыз кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 17 шілде күні түстен кейін М. Жүнісов көшесіндегі 184-үйде болды.
"Сағат 14.20-да 112 пультіне қыз баланың жартылай автоматты кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылғы қызды арнайы құралдардың көмегімен машина барабанынан шығарып, ата-анасына табыстады. Сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15.00-де аяқталды. БҚО ТЖД ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады", - деп хабарлады ведомстводан.