Оралда 21 жасар қыз жетінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1998 жылғы қыз 7-қабат балконынан секіріп кетті.
Қыздың қайтыс болуына байланысты ҚР ҚК 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Захаров көшесіндегі үйге жедел жәрдем сағат 06.32-де шақырылды. Бригада бес минуттан кейін жетті.
Бас пен мидың ашық жарақатын алған қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жас мұғалімнің асулы күйінде табылғанын, Оралда төртінші қабаттағы терезеден 6 жасар қыздың құтқарылғанын жазған болатынбыз.