Оралда 223 қару балқытылды

692

Осы қарулардың ішінде 1919 жылы Тула қару-жарақ зауытынан шығарылған наган да бар.

Оралда 223 қару балқытылды

Оралда "ҚазАрмаПром" ЖШС зауытында 223 қару балқытылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соның ішінде 149-ы – тегіс ұңғылы мылтықтар, 22-сі травматикалық, 18-і  газды тапаншалар.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұлар тұрғындар ерікті түрде тапсырған, сондай-ақ тәркіленген, сот үкімдерімен алынған қарулар. Олардың әрқайсысы комиссиялық тексеруден өткізіліп, тіркеліп, жоюға рұқсат берілген.

Осы қарулардың ішінде 1919 жылы Тула қару-жарақ зауытынан шығарылған наган да бар.

Қарулар балқытылғаннан кейін одан кемінде 200 кг металл алынады.

Айта кетейік, БҚО полиция департаменті қару жою шарасын әр тоқсан сайын өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу