Оралда 23 жекеменшік балабақша жабылып қалуы мүмкін

791

Себебі, бұған дейін  бөлініп жатқан дотация тек мемлекеттік бақшаларға беріліп, жекеменшік мекемелер қаржыдан қағылуда.

Оралда 23 жекеменшік балабақша жабылып қалуы мүмкін

Оралда жекеменшік 23 балабақша жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қайдар Қапановтың айтуынша, мәселенің ушығуына мемлекет тарапынан қаржыландырудың жоқтығы себеп болған.

Бүгінде облыстық бюджетте  1 млрд 300 млн теңге тапшы. Экономика министрлігі болса бұл мәселені аймақтық деңгейде шешілуге тиіс деген жауап айтқан. Ал, жергілікті билік проблеманы шешудің жолын таппай келеді. Себебі, бұған дейін  бөлініп жатқан дотация тек мемлекеттік бақшаларға беріліп, жекеменшік мекемелер қаржыдан қағылуда. Амалы таусылған  кәсіпкерлер енді шығындарын ата-аналар төлейтін төлемнен  жаппақ. Енді мектепке дейінгі мекемелер төлемақыны көтеруді көздейді. Алайда бұл ата-аналар тарапынан бірқатар  наразылық туғызуы мүмкін.

"Өңірде экономика мен қаржы саласы бойынша қаралған қаражаттарды  қай салаға бөлуді облыс әкімінің орынбасары сияқты жергілікті атқарушы орган өкілдері шешеді. Бизнесті 1 млрд 300 млн теңгемен қолдап, білім министрлігінің бұйрығына сәйкес 300 млн теңгені балабақшаларға беру мәселесі де сол кісілердің құзырында. Керісінше ақшаны бермей қойып, басқа салаларға бөлу де  сол кісілерге байланысты болып тұр. Біз тіпті Дамудың бөлетін 7 пайыздық қаражатынан да қағылайын деп тұрмыз.  Қалай болғанда да мәселенің ұшы шықты, енді ол алдағы айларда өршімесе шешілмейді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер үшін әлеуметтік наразылық туғызады. Себебі, мемлекет бізбен келісілген ережелерді сақтамай отыр", - дейді кеңес төрағасы Қайдар Қапанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу