Оралда 35 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

679

Оралда 35 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

Оралда шетелдік компанияларға жұмысқа орналастырамын деп отыздан астам адамды алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.

Полицияның қолына түскен 36 жастағы күдікті Сырым ауданының тумасы. Сан соғып қалғандардың дені Ақсай қаласындағы "Шлюмберже" кәсіпорнына кірмек болып, әрқайсысы 120 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін ақша ұстатқан.

Тергеу барысында оның бұрын да алаяқтық әрекеті үшін істі болып, 3 жылдай мерзімін темір тордың арғы жағында өткізгені анықталды. Пысықай ол кезде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен үй беремін деп тоғыз адамды тақырға отырғызған. Полиция алаяқтан зардап шеккен өзге де тұрғындар болса, шұғыл түрде хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу