Орал қаласында 59 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция капитаны Нұржан Қуанғалидың мәлім еткеніндей, 25 сәуір күні сағат 14.50-де Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне өзінің мекенжайынан 1964 жылғы әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.
Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар екендігі анықталды.
"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында сол күні күдікті анықталып, қылмыстың ізі суымай қолға түсті. Ол Орал қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - деді Н.Қуанғали.