Оралда 670 пәтерлік тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

1147

Оралда 670 пәтерлік тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Орал қаласында 500 пәтердің, жалпы қала бойынша 670 пәтердің кілті иелерін тапты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Зашаған кентіндегі "Көктем" шағын ауданында бой көтерген кешен "Нұрлы жол" және "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде "Қазақстандық ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ-ның тапсырысы бойынша салынды.

Орал – Саратов және Орал – Атырау тас жолдары айырығына орын тепкен 5 қабатты көп пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысын "Марасант" ЖШС компаниясы жүргізді. Өткен жылдың желтоқсан айында құрылысы басталған кешенді 5 үйдің құрылысы дәл бір жыл дегенде аяқталып отыр. Үй кешенінде 1 бөлмелі  - 300 пәтер, 2 бөлмелі – 120 пәтер, 3 бөлмелі  - 80 пәтер, яғни барлығын қосқанда 500 пәтер бар.

"Құрылыс жұмыстары барысында қаладағы 3-5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Үй құрылысына 87 пайыз жергілікті құрылыс материалдарын, соның ішінде силикатты кірпіш зауытының кірпішін, "Стройкомбинат" компаниясының темір-бетон бұйымдарын пайдаландық. Тұрғын үйдің сапасы жақсы. 10 жылдан бері мемлекеттік бағдарламалар бойынша 7-8 үй салған тәжірибеміз бар. Кешендегі әр үйдің кіреберісіне қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орнатылған",- деді мердігер компанияның басшысы Аманжол Көнеев.

Бұл үй кешеніндегі пәтерлер жергілікті атқарушы органдағы тұрғын үй кезегінде санаттар бойынша тұрған азаматтарға "Қазақстандық ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ-ның бағдарламасы бойынша жалға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу