Оралда 91 көшеге жаңа атау берілмек

651

Оралда 91 көшеге жаңа атау берілмек

Орал қаласында 91 көшеге жаңа атау берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, бұл - "Жұлдыз" шағынауданындағы және Деркөл кентіндегі жаңа көшелер.

Оған қоса ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Орал қаласы бойынша 3 шағынаудан, 1 алаң және 1 тынымбаққа атау беруге қатысты ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар Тасқала ауданының идеологиялық тұрғыдан ескірген 8 білім беру ұйымын қайта атау ұсынылды.

Жалпы, осы кезге дейін облыстық ономастикалық комиссияға аудандар мен қаладан 143 түсіп, соның нәтижесінде 127 көше мен 4 елді мекенге атау беру (қайта атау) қолдау тапты. Сондай-ақ Сырым мен Қазталов аудандарындағы жаңадан бой көтерген көшелерге Астана, Астанаға - 20 жыл атаулары берілді.

"ҚР президенті әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес өңірде идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Шыңғырлау ауданының үш елді мекенінің, облыс бойынша 54 көшенің атауы өзгертілді", - деді Айгүл Әділгерейқызы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу